Полиция Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген адамды іздестіріп жатыр

Полиция Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген адамды іздестіріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2025 15:54 Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 16 ақпанда Алматы облысы Қарасай ауданы Көлашы ауылында бейтаныс адам шаруашылық қажеттіліктері үшін Қаскелең өзенінен ауылдың суару каналына су жіберетін шлюзді ашып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осының салдарынан төрт ауланы су басып қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл аула аумақтары елді мекеннен тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарында ретсіз салынған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері, екі бірлік техника және екі мотопомпа, ЖАО 3 адам және бір бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, оқиға орнында Қарасай ауданы полиция басқармасы қызметкерлері шлюзді ашқан белгісіз адамды іздестіріп жатыр. Аэровизуалды тексеру және дұрыс шешім қабылдау үшін ҰҰА тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: