Шерзат Полатты өлтірді деген күдіктілердің бірі изоляторда туған күнін тойлаған: тексеріс басталды

Шерзат Полатты өлтірді деген күдіктілердің бірі изоляторда туған күнін тойлаған: тексеріс басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2025 16:13 Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіде Шерзат Полатты өлтірді деген күдіктілердің бірінің уақытша ұстау изоляторындағы видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда олар туған күн тойлап, "Алиса" арқылы Қайрат Нұртастың "Туған күн" әніне "тапсырыс" беріп, тіпті торттағы шамды да үрлейді. Сосын мұның бәрін видеоға түсіріп алған.

Желі қолданушылары ауыр қылмыс жасады деп айыпталғандардың уақытша ұстау изоляторында бұлай өмір сүріп жатқанына наразы болды.

Алматы облысының полициясы Zakon.kz тілшісіне қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Уақытша ұстау изоляторында ұсталғандардың бірінің туған күнін тойлап жатқаны түсірілген видеоға қатысты жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Барлық кінәлілер, оның ішінде басшылық қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауда", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған едік. 

Бұл туралы адвокаттар Instagram-да жазды.


"2025 жылғы 17 қаңтарда біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең – қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: