12 жасар "реттеуші" желі жұлдызына айналды, дегенмен полицейлердің назарынан да тыс қалмады

Полиция, сотрудник полиции, полицейский, зима , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 15:09 Фото: Zakon.kz
Елордадағы қиылыстардың бірінде бағдаршам істен шыққан сәтте, 12 жасар бала жол ортасына шығып қозғалысты реттей бастаған. Оның батылдығы мен жол қозғалысы ережелерін білуі жұртшылықты таң қалдырды. Жас "реттеуші" полицейлердің де назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кадрларын куәгерлер желіге жүктеген.

Автордың жазуынша:

"Республика/Сейфуллина қиылысы. 12 жасар бала көлік ағынын реттеді. Бәрі ойдағыдай болды! Жүргізушілер де баланы тыңдап жарады!"

Желіні пайдаланушылардың көпшілігі баланы мақтап, оның жол қозғалысы ережелерін кейбір жүргізушілерге қарағанда жақсы білетінін атап өтті.

"Қауіпті, бірақ еркектің әрекеті",-деді біреуі.

Басқалары, полиция қызметкерлері сияқты, бұл пікірлермен келіспеді.

  • Кішкентай бала ғой... Өміріне қауіп төнді ғой
  • Әрине, жарады! Бірақ қараңғы кезде мұндай әрекетке бармағаны дұрыс еді.
  • Ата-анасы қайда қарап отыр, тас қараңғыда баланы көшеге жіберіп...

Астана қаласы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі де болған оқиғаға түсініктеме берді.

Мамандар, ең алдымен, мұндай әрекеттер өмірге қауіп төндіретінін айтты.

"Сонымен қатар, ол көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қиылыстағы қозғалыс штаттық режимде қалпына келтірілді". Астана ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Шымкенттік жігіттің көлігінен марихуана табылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: