Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды

Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 16:35 Сурет: primeminister.kz
Үкімет басшысының баспасөз қызметі Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 17 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды.

Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 16:35

Сурет: primeminister.kz

Абай облысының әкімі лауазымына тағы кім үміткер болғаны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 16:35

Сурет: primeminister.kz

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады.

ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Бектенов өңір басшылығы алдына Президент экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде ауқымды міндеттер қойғанын атап өтті. Оның ішінде, Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін аша отырып, туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажет.

Бұған дейін Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: