Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы 2026 жылғы 6 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Шыңғыс Әрінов 1983 жылғы 29 қазанда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясын "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарды атқарды.
2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы 6 ақпанға дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды.
2024 жылғы 6 ақпаннан 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі лауазымынан босатты. Ол өңірді 2022 жылғы 11 маусымнан бері басқарған еді.