Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Касым-Жомарт Токаев, Казахстан, президент , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 09:01 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда ақпаратынша, Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

"Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ұлытау облысында кеніште тау-кен массасы опырылып, жеті шахтер үйінді астында қалып кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: