ҰҚК Алматы, Шымкент және Түркістан облысында діни радикалдардың ұсталғанын хабарлады

2025 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында діни радикалдардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 18 ақпанда ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеружүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
2025 жылдың 6 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратурамен келісе отырып, есірткі зертханасын таратқан. Қазақстан азаматы психотроптық заттарды дайындау кезінде ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript