Биылғы пітір садақаның мөлшері қандай

Биыл Рамазан айы қай күні басталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 17:33 Сурет: pixabay
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - 655 теңге.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті.

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады.

Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.

30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6 000 елді мекен) ораза және намаз кестесін muftyat.kz cайтынан жүктеп алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: