Алматы тұрғынынан "тыңшылық" құрылғы тәркіленді

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 14:06 Фото: polisia.kz
Алматы қаласының киберполиция қызметкерлері ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында жүргізіліп жатқан "Anti Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы туралы еске салды.

Жуырда Алматы қаласының Алмалы ауданында құқық қорғау органдары арнайы рейд барысында күдік тудырған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Ол Әйтиев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында рұқсат етілмеген дыбыс жазу функциясы бар USB-флэшканы сатып, заңсыз құрылғыны әлеуетті клиентке өткізбек болған.

"Бұл әрекет заңға қайшы және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабымен қарастырылған құқық бұзушылық болып табылады. Осы дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Тергеу мүддесіне сәйкес ҚР ҚК-нің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлімінің 1-тармағына және ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сәйкес кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: