Шарықтаған коммуналдық төлемдер бойынша желіде әзіл-сықақ бейне тарауда

Астаналық танымал блогер Алексей Лодочников коммуналдық төлемдер тақырыбына әзіл-сықақ ролик түсірді, нақтырақ айтқанда түбіртекке реакциясы бейнеленген бейне түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрда блогер түбіртектегі сандарға таңданысын көрсетеді.
"Құрметті күнделік, мен бүгінгі бастан өткерген азап пен қорлығымды сипаттайтын сөз таба алмаймын. Менің өмірім мәңгілікке бұзылды", – дейді кадрдағы дауыста.
Роликті бағалай отырып, блогердің оқырмандары соңғы кездегі коммуналдық төлемдер түбіртегіне шынымен осылай қарайтындарын айтты.
- Сол бізде құрметті күнделік болып отырмыз;
- Мен ана айда осындай жағдайда болдым, көзім шығып кете жаздады;
- Бізде де сол. Көзіміз шарамыздан шықты ғой! Бұл дүние не болып кетті;
- Қойдың бағасы келді ме?
- Күні бойы үйде болмаймыз қайдан алған сұмдық бағалар...
Бұған дейін Алматы тұрғынынан "тыңшылық" құрылғы тәркіленгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript