Сарапшы Каспий құбыр консорциумының нысанына жасалған шабуылдан Қазақстанға қандай зиян келгенін айтты

Ол Қазақстан 2,7-3 млн тоннаға жуық мұнай экспорттамауы мүмкін екенін айтты. Тиісінше, бұл өте үлкен шығын.
"Бұл біздің қазір онсызда тапшы бюджетімізге жүктеме болмақ. Әрине, бұл жағдай біздің мұнай-газ саласына, инвестициялық тартымдылыққа өте нашар әсер етеді. Қазақстан өз ұстанымын белгілеуі тиіс және кем дегенде украин тарапынан келтірілген залалды өтеуді талап етуі тиіс", – деді Олжас Байділдинов.
Ол мұндай жағдайдан пайда көрушілер жоқ деп санайды. Мұнай бағасы шабуылдың болуына қатысты өзгермеді, осы ретте келесідей сұрақ туындайды: Украина мұнай құбырына шабуыл жасау кезінде қандай саяси мақсаттарды көздеді.
"КҚК әуе қорғанысында болған жоқ, өйткені бұл азаматтық бейбіт инфрақұрылымның нысаны. Сонымен қатар, бұл халықаралық консорциум. Тиісінше, оған әскери іс-қимылдар, шабуылдар және т.б. қолдануға болмайды", – деп толықтырды сарапшы.
Оның пайымдауынша, Украина АҚШ-тың Ресеймен Украинасыз келісе алмайтындығын көрсету үшін "американдық компанияларға тұз беру" мақсатын көздеді, ал олардың мұнайы негізінен Қазақстаннан экспортталады.
"Менің ойымша, бұл негізгі мотив, өйткені басқа мақсаттарды немесе мотивтерді оқшаулау мүмкін емес. Бұл мұнай майданға жеткізілмейді, бұл мұнай ресейлік өңдеуге кетпейді, бұл тек еуропалық МӨЗ-ге жіберілетін мұнай", – деді Олжас Байділдинов.
Ол шабуылдан Қазақстан бюджетіне келтірілген залал шамамен 300 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. Бұл шағын қаланың немесе аймақтың бюджеті. Осыған байланысты, қазақстандықтар өмір сапасының төмендеуін сезінуі мүмкін.
"Әрине, осыған байланысты бізде бір нәрсе өзгереді деп айту қиын, бірақ кем дегенде теңге долларға шаққандағы пайызды жоғалтуы мүмкін, өйткені бұл бағамға тікелей әсер етеді",-деп түйіндеді ол.
Еске салсақ, 2025 жылдың 17 ақпанына қараған түні Каспий құбыры консорциумының Кропоткинская мұнай айдау стансасына ұшқышсыз ұшатын аппарат шабуыл жасап, соның салдарынан сорғы станциясының жұмысы үзілді. 18 ақпанда "Транснефть" ЖАҚ зақымдануына байланысты КҚК арқылы Қазақстаннан мұнай айдау 30%-ға төмендеуі мүмкін екенін хабарлады.