Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болып, бес адам жараланды

Петропавлда кәріз құдығында жарылыс болып, бес адам жараланды. Олар кәріз құбырларын ауыстырып жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, "Қызылжар су" серіктестігінің қызметкерлері ескі құбырларды дәнекерлеп жатқан. Осы сәтте кәріз құдығына жиналған газ жарылып, бесеуі де жарақат алды. Бірінің тобығы сынып, қалғанының денесін күйік шалған. Олар дереу қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Осы оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Жараланғандардың төртеуін ауруханаға жатқыздық. Оларды бірінші және үшінші дәрежедегі термиялық күйік шалған. Ал біреуінің құлағы ғана күйіпті. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне қайтарып жібердік. Ол емханадағы дәрігерлер бақылауында болады".Петропавл көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Қайрат Мәжитов
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript