Жамбыл облысында оқушылар лимон өсіре бастады

Фрукты, овощи, овощной, магазин, супермаркет, продукты питания, магазин у дома, маленькие магазины, маленький магазин, продуктовый магазин, продуктовый, минимаркет, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 12:16 Фото: freepik
Жамбыл облысында лимон өсіре бастады. Аймақтың агро саласында бұған дейін болмаған тың кәсіпті дамытуға меркілік мектеп оқушылары кірісіп кетті.

Сыпатай батыр ауылындағы 16 білім ұясының балалары былтыр жылыжайға лимон ағашын отырғызған. Қазір онда азиялық цитрустың 15 түбі жайқалып тұр.

Жыл басында түйін салған. Енді 5 айда жеуге жарап қалады. Дарақтар былтыр да жеміс салған. Алдағы 3 жылда бір түп лимон ағашы 50 келіге дейін өнім бермек, деп жазады qazaqstan.tv.

Оқушылар жемістің бұл түрі -4 градус суыққа төзімді дейді. Сондықтан көктем мен күз аралығында далада өсіруге ден қоймақ. Қазір олар 102 шаршы метр жылыжайда лимоннан бөлек, құлпынай, мен павловния көшеттерін өсірген.

"Осы лимонды қазіргі таңда шетелден экспорттаймыз. Сондықтан біз өзіміздің ауылды лимон шаруашылығы ретінде болашақта жандандырғымыз келеді. Себебі осы арқылы біз шетелге тәуелді болмаймыз. Ол жақтан қымбатқа келеді. 2-3 жыл сайын тұқымдарын алып отырамыз. Себебі жыл сайын жақсы тұқым беру үшін керек." Жәния Манапалы, 11-сынып оқушысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: