Алматы тауларында бәйшешек бүр жарды

Алматы тауларында бәйшешек бүр жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 19:44 Сурет: pixabay
Алматы тауларының бөктерінде бәйшешектер бүр жарды, көктемгі гүлдер ішіндегі ең әдемісі - оны "көктемнің жаршысы" деп те атайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 21 ақпанында белгілі алматылық фотограф Дмитрий Доценко желіде жазды.

"Биылғы ақпан айы өте суық болса да күн қазірдің өзінде жоғарыда шақырайып тұр, демек, жылға-жылғаларда алғашқы бәйшешектер төбе көрсететін кез туды. Олар қазірдің өзінде өте көп... Бұл ғажайып сәтті мен жылда асыға күтемін", - деп жазды ол Stories-інде.

Фотограф бұл көктемнің жақындап қалғанын білдіретін белгі екенін де нақтылай кетіпті.

Бұған дейін 2025 жылы 6 ақпанда Қазақстанның оңтүстігінде бәйшешек гүлдегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: