Қостанай облысында блогер кәсіпкерден 15 миллион теңге бопсалаған

Қостанай облысында блогер кәсіпкерден 15 миллион теңге бопсалаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2025 13:24 Сурет: pxhere
Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті кәсіпкерді "Әлеуметтік желіге материалды жариялаймын" деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған.

Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: