Атырауда ірі-қараны қотыр басып жатыр

Атырауда ірі-қара жаппай қотыр ауруына шалдығып жатыр. Малшылар бұған тасқыннан кейін каналдарға судың келмеуі түрткі болды деп отыр. Өйткені мал күзден бері арналардағы қалдық суды ішкен. Соның салдарынан сиырлар жаппай кеселге ұшырап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаруалардың айтуынша, арналарға келетін су жолдары аршылмаған. Сондықтан төрт түлік былтырғы жаздан бері каналдағы борсыған қалдық суды ішіп жатыр дейді шаруалар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
"Бағып отырған адал малымызды қотыр басты. Оның себебін күзде судың каналға айдалмауынан, қазір каналда су болмауынан көреміз. Қазір канал табанында қалған су да шіріп, сасып кеткен. Қазір малымызды сонымен суаруға мәжбүрміз".Шаруа Нұрбек Есенқұлов
"Мойнына басталып құйрығына дейін қотыр. Ол тасқын судан болады. Басқа неден болсын?! Жылда мұндай болған жоқ".Шаруа Қалыбай Молдырахманов
Шаруалардың айтуыша, ірі қараның жаппай қотыр жұқтыруы күзде басталған. Бүкіл шаруа қожалығының малы ауырып, өз бетінше екпе салып, ем-дом жасаған, бірақ нәтижесі болмапты. Ал ветеринарлар "бұл қауіпті кесел емес" деп жайбарақат жүр.
"Аса қауіпті аурулар қатарына жатпайды. Сондықтан мал иесі өз қаражатынан жүргізеді".Атырау облысы ветеринарияны бақылау және қадағалау комитеті аумақ инспекциясы басшысының орынбасары Нұркен Баяров
Ал су арналарына жауаптылар каналдардың тартылуына байланысты "Еш арыз-шағым түскен жоқ" дейді.
"Көктемде сорғышпен су қосылды. Одан кейін өр суы келді. Сосын өз деңгейімен тамызға дейін су жеткізілді. Одан кейін алдындағы бөгет жабылып, сусорғышпен мұз қатқанша су берілді. Ол кезде ауру шықса, басқа шықса, сіздердің айтуларыңызша, ондай арыз түскен жоқ"."Табиғат" КМК директоры Асыланбек Рысжанов
Осылайша мамандар, енді су сәуір айында ғана жіберілетінін айтты. 30 жылдан бері арнасы бітеліп, табаны тереңдетілмеген каналдарды тазарту тек биыл қолға алына бастапты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript