Алматының "Қайрат" шағын ауданындағы сумен қамту мәселесі биыл күзде аяқталады

2025 жылдың қыркүйек айында ұзындығы 37,2 км болатын "Қайрат" шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру жүйелерінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 10:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың қыркүйек айында ұзындығы 37,2 км болатын "Қайрат" шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру жүйелерінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталады.

Бұл бұрын сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілмеген учаскелерді толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматының Түрксіб ауданы әкімдігі хабарлады.

Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында "Әлмерек" шағын ауданында 20 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Жаңа желілерге шағын ауданның 400 үйі қосылды.

Сондай-ақ, "Жас Қанат" шағын ауданында 8 км сумен жабдықтау және 8,6 км кәріз желісі салынды, бұл жерде бұған дейін тұрғындар ауыз суды ұңғымалар арқылы алуға мәжбүр болған.

Бұған қоса, Закарпатская көшесінде 4,8 км сумен жабдықтау және 1,6 км кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Ал "Төменгі Бесжылдық" шағын ауданында 115 км су құбыры және 32 км кәріз жүйесі салынды. 2024 жылы "Шуақты" шағын ауданында кәріз сорғы станциясы (КСС) салынды, бұл Волочаевская көшесіндегі 70 үйдің кәріз мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Тұрғындарды күзгі-қысқы маусымда жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Спасск-Бекмаханов және Бекмаханов-Сүйінбай көшелеріндегі жалпы ұзындығы 2,1 км болатын жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл желілер 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған болатын.

Бұл жобалар Түрксіб ауданының 21 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: