СҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Бұл аса ауыр салмаққа жатады. Келу туралы міндеттемемен босатылғаннан кейін күдіктілер қашып кеткен. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер олардың жүрген жерін анықтады.
Олардың екеуі де буып-түюді және есірткі жасыруды ысырып қойып, тыйым салынған заттарды өндіруге көшкені белгілі болды.
Бұл үшін олар Алматы қаласының маңындағы елді мекенде үйді жалға алып, "тазалауға арналған заттар" деген атпен жеткізілген құрал-жабдықтарды, прекурсорларды сатып алған.
Сарапшылардың айтуынша, есірткі зертханасы шамамен 18 келіге тарта қауіпті затты өндіруі керек болған.
Қызметтік іссапар барысында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері зертхана жұмысының жолын кесіп, қылмыскерлерді ұстады.
Сот оларды кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды, бұдан бөлек жазаларын өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлі емдеу шараларын тағайындады.