Испанияда ұшу кезінде улы өрмекші ұшақ кабинасына еніп, ұшқышты шағып алды

Испанияда ұшу кезінде улы өрмекші ұшақ кабинасына еніп, ұшқышты шағып алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 10:14 Сурет: pixabay
Бүйі (тарантул) Дюссельдорф пен Мадрид бағытындағы рейсті орындаған, өрмекшіге аллергиясы бар, испандық Iberia авиакомпаниясының ұшқышын ұшу кезінде шағып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail дерегінше, өрмекші өткен аптаның басында Марокконың Касабланка қаласына қонған кезде ұшаққа енген болуы мүмкін.

Испания астанасына қонғаннан кейін ұшақ дезинфекцияланып, келесі рейстің үш сағаттық кешігуіне әкелді.

Бұл ретте, ұшқыштың қатты зардап шекпегені атап өтілді, дегенмен ол "Урбазон" препаратымен емдеу шарасын өткізді, қазір өзін жақсы сезінеді. 

Бұған дейін Мадагаскарда нөсер жауын мен су тасқынынан жиырма шақты адамның қаза тапқандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: