Қате аударылған әлеуметтік аударымдарды қалай кері қайтаруға болады - бейненұсқаулық

Мамандардың айтуынша, әдетте, бұл адами фактордың әсерінен, яғни деректерді қате енгізу салдарынан орын алады.
Осыған байланысты eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтініш беруге болатындығын еске салды.
Бұл қызметке жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (бір өтінімде 20 қызметкерге дейін көрсетіп) өтініш бере алады.
Аталған қызмет eGov.kz порталында "Азаматтарға" – "Әлеуметтік қамтамасыз ету" – "Зейнетақымен қатамасыз ету" бөлімінде қолжетімді.
eGov mobile қосымшасында "Қызметтер" бөліміне өтіп, "Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы" тармақшасында қызметке өтінім беруге болады. Ол жерден, "артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақытылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару" тармақшасына өту керек.
Әрі қарай сұралған барлық жолдарды және төлем деректемелерін толтырып – өтінімге қол қою қажет.
Қызмет нәтижесімен "Жеке кабинет тарихы" бөлімінен танысуға болады.
Бұған дейін Павлодарда заңсыз балық аулаған тұрғынның қоғамдық жұмысқа тартылғандығы хабарланған болатын.