Зейнетақы активтерінің жай-күйін жыл қорытындысы бойынша бағалау қажет - сарапшы

Экономист Бауыржан Шурманов қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының "азайып" жатқандығы жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшы сөзінше, іс жүзінде азаматтардың жинақтары өзгеріссіз қалып отыр, тек инвестициялық кіріс мөлшері өзгеруде.
"Инвестициялық табыс үнемі өзгеріп отырады және бұл қалыпты. Себебі қазақстандықтардың қаражаты отандық та, шетелдік те түрлі қаржы құралдарына салынған. Инвестициялық кірісті ағымдағы қайта бағалау зейнетақы активтерінің белгілі бір үлесі шетелдік компаниялардың акциялары мен бағалы қағаздарына салынғандығымен байланысты. Олар, әрине, доллармен ұсынылған. Доллар теңгеге қатысты жыл басынан бері айтарлықтай арзандады. Соның әсерінен, БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы да төмендеді. Жалпы, мұның бәрі уақытша тенденциялар. Оларды шығын ретінде қабылдауға болмайды. Орта мерзімді перспективада қарастыру керек. Сонда, жыл соңында инвестициялық табыс туралы дәлірек түсінік болады", – деді Шурманов.
Сондай-ақ, сарапшы осыған ұқсас жағдай бір жыл бұрын, мұндай ақпарат белгілі бір дүрбелең тудырған кезде болғанын атап өтті. Экономист дүрбелеңге негіз жоқ екенін айтты. Зейнетақы қаражаты сенімді басқарылады және консервативті тәсіл қолданылады, ол пайданы және сонымен бірге минималды тәуекелдерді қамтиды. Сондай-ақ, зейнетақы қаражаты мемлекеттің қорғауында екенін атап өткен жөн.
"Минус мәндері бар скриншоттар үшін үрейленбеу керек. Сіз ақпаратты БЖЗҚ сайтында өз бетіңізше тексере аласыз, оның ішінде теріс инвестициялық кіріс белгілі бір айларда болады, артынша өсу және жағдайды теңестіру көрсеткіштері де орын алады. БЖЗҚ түсім бойынша ешқашан минусқа кірмейді", – деп еске салды Шурманов.
Бұған дейін БЖЗҚ-да теріс көрсеткіштің немен байланысты екендігі түсіндірілді. Бұл мән валюта бағамының құбылмалылығынан және ол инвестициялаған қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруінен пайда болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript