Астаналық әйел бриллиант сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Тергеу барысында ұсталған азаматша аспаз болып жұмыс жасауға келгені белгілі болды. Жатын бөлмесіне кіріп, қобдишада тұрған алтын бұйымдарының арасынан бриллиант тасты алтын сақинаға көзі түскен. Жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 1,5 млн теңге болатын бриллиант тасты алтын сақинаны ұрлап, елордадағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.
Астана тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Жеке мүліктерін тексеру барысында, қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан.
Бойжеткеннің қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертті.
Сондай-ақ Астананың тәртіп сақшылары азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.