Астаналық әйел қонақүйден ақша ұрлап кеткен

Астанада қонақүйден ақша ұрлаған әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 17:25 Сурет: polisia.kz
Астана полиция департаментінің Нұра аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қонақүйде жасалған ұрлық дерегі бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында күдікті әйелдің қонақүйдің кіреберісіндегі ресепшін аймағында еркін қолжетімділікті пайдаланып, ақшаны жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды. Келтірілген материалдық шығын көлемі 156 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, куәгерлерден жауап алу арқылы күдіктінің жеке басын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда, әсіресе қонақүйлерде жеке мүліктеріне мұқият болуға үндеді. Бөлмеден шыққанда есікті міндетті түрде құлыптап, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажет. Сонымен қатар қонақүй әкімшіліктеріне бейнебақылау жүйелерін жетілдіріп, қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: