26 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Таразда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Алматыда күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кешкі уақытта тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Ақтау қ.: 26 ақпанда қар, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында қар, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. күтіледі. Қостанай қ.: 26 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі.
Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 26 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 26 ақпанда тұман күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 26 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 26 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Өскемен қ.: 26 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын.