Жаңалықтар тізбегі
0

Найзағай, жел, өрт қаупі: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 21:48 Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 2 қазанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: