Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жазаланды

Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 20:46 Сурет: polisia.kz
Шымкентте жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде автокөліктер кортежін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушілер жол қозғалысы қағидаларын бұзып, атап айтқанда: қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген, оның ішінде кейбірі терезеден шығып тұрған жолаушыларды алып жүріп, өзінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін елемеген. Ал темір тұлпарға орнатылған жыпылықтайтын маяктар жалған төтенше жағдай тудырып, басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетімен мұндай бассыздықтың ауыр салдарының алды алынды. 

Кортеж қатысушылары досының тойынан шығып, мерекелеуді жалғастырғаны белгілі болды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қарсы жолаққа шыққандар көлік басқару құқығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: