Жезқазғанда жол ережесін бұзған той кортежі анықталды: 6 адам жауапқа тартылды
Сурет: polisia.kz
8 тамызда Жезқазған қаласында Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде қозғалыста болған автоколоннаның жол жүрісі қағидаларын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында автоколоннаның үйлену тойына қатысу мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, жолаушылардың автокөлік терезесінен денесін шығарғаны, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға автокөлікті басқаруға бергені және қарсы бағыттағы жол жолағына шыққаны анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер мен жолаушылар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript