Түркістан облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 14:22 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Шымкент - Самара тасжолында жол ережелерін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде Mercedes-Benz және бес бірдей Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Оларға маневр жасау ережесін бұзу, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер және көлік құралдарын пайдалану тәртібін сақтамау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар жүргізушілермен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп сақтауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заң талаптарына бей-жай қарамауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: