Бектенов: Цифрландыру арқылы артық шығындарды, қажетсіз құрылымдарды азайту керек

Олжас Бектенов, государственный служащий, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 10:45 Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2025 жылғы 26 ақпанда Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Бұл тәсіл министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты", — деді Премьер-министр.

2025 жылдың 25 ақпанында отандық фермерлерді қолдауға үкіметтік резервтен 116 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгені белгілі болды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: