Маңғыстаулық кәсіпкер әйел полицейлерден бірнеше миллион теңге талап етіп отыр

Әйел тәртіп сақшылары оның балық дүкенінен жүздеген килограмм тауарды заңсыз алып тастады деп ашулы. Енді кәсіпкер несие мен жалдау ақысын төлей алмай отырған көрінеді. "Астана" телеарнасы әйелдің прокуратураға арыз жазғанын, ал онда құқық қорғау органдарының заң бұзғаны расталғанын жазды.
Кәсіпкердің айтуынша, 9 ақпанда 16 полиция қызметкері балық цехына "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бірнеше патрульдік автокөліктермен келген. Әйелдің чектер мен барлық құжаттарды көрсеткеніне қарамастан, 400 кг скумбрия мен 184 кг бекіре тәркіленген.
Сонымен қатар, Нұғмановаға қатысты тәртіп сақшылары балықты заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Павлодардағы қоймаларда тонна-тонна сәбіз шіріп жатқандығы хабарланған болатын.