Алматыда бір жарым мыңнан астам мопед тіркелді

Мопедист, мопедисты, мопед, мопеды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 12:45 Фото: pexels
Алматы қалалық әкімшілік полициясының мәліметінше, мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері 1 мың 500-ден астам мопед қолданушы бұл процедурадан өткен.

Олар көлік құралының мемлекеттік нөмірін, техникалық төлқұжатын алып, басқа жол қозғалысына қатысушылар сияқты заңды жауапкершілікте болады.

"Сонымен қатар, мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі", – деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылы "Жол қозғалысы туралы" Заңға өзгертулер енгізілген болатын.

Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу.

Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: