Қазақстанда шоколад бағасы өзгеруі мүмкін бе

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев 2025 жылғы 26 ақпанда мәжіліс аясында какао бұршақтарының күрт қымбаттауы Қазақстандағы тәттілердің бағасына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер американдық кәмпит өндірушілердің өз өнімдерінің бағасының өсетіндігі жайлы бөлшек саудагерлерге ескерту жасай бастағанын айтты. Осыған байланысты министрден Қазақстанда бағаның қалай өзгеретінін нақтылады.
"Екі апта бұрын Қостанай облысында кондитерлік фабрикада іс-сапарда болдым. Олар да шикізатты жеткізудегі үзілістер және баға мен сапаға қатысты мәселелердің туындып жатқандығын айтты. Мен бұл кондитерлік өнімдердің құнына қаншалықты әсер ететінін нақтыладым. Сол кездегі мәліметтер бойынша, қорлар жеткілікті болды және зауыт өкілдері маусымнан тыс уақытта айтарлықтай қымбаттаудың болмайтынына сендірді. Сонымен қатар, нарық жоғары бәсекеге қабілетті және төмен шоғырланған – қатысушылар өте көп. Сондықтан олар баға диапазонында елеулі өзгерістер күтілмейді деп санайды", – деп жауап берді министр.
Ол бағада шамалы өзгерістер болуы мүмкін екенін, бірақ күрт өсімдер болмайтынын атап өтті.
Бұған дейін Шаққалиев санкцияға ұшыраған компаниялардың немен айналысқанын түсіндірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript