Шаққалиев санкцияға ұшыраған компаниялардың немен айналысқанын түсіндірді

2025 жылдың 26 ақпанында Мәжіліс алаңында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қандай компаниялардың санкциялық тізімге енгізілгені және қандай себеппен енгізілгені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Арман Шаққалиев екі қазақстандық компанияның санкцияға ұшырағанын растады. Әңгіме "Kazstanex" және "Metallstan" ЖШС туралы болып отыр.
"Екі компания қосылды. Бұрын бұл компаниялар АҚШ пен Канаданың тізімінде болған. Компаниялар машина жасау саласында, белгілі бір техника түрлерін жеткізумен айналысқан. Бүгінгі таңда бұл компаниялар, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, сыртқы экономикалық қызметпен айналыспайды, олар тек Қазақстан аумағында жұмыс істейді. Олар жабылған жоқ, бірақ қызмет түрлерін өзгертті. Олар жұмыс істейді, бірақ, біздің ақпаратымыз бойынша, олар экспорттық операцияларды жүзеге асырмайды", – деді ол.
Сауда министрлігі басшысының айтуынша, бұл компаниялар металл өңдеуге қажетті құрал-жабдықтарды жеткізумен айналысқан.
ТМД елдерінен Қазақстанға әкелінетін көптеген тауарлардың неліктен қымбаттап жатқанын бұған дейін түсіндірдік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript