Шаққалиев доллар бағамының Қазақстандағы бағаға әсері туралы пікір білдірді

Американо-казахстанские отношения, Америка и Казахстан, США и Казахстан, США и РК, Казахстан и Америка, Казахстан и США, РК и США, Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 11:54 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс кулуарында доллар бағамының елдегі баға деңгейіне әсері жөнінде пікір айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер қазіргі доллар бағамының өсуіне байланысты оның 500 теңге деңгейіне дейін қайта көтерілуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатқанын сұрады.

Бұған дейін ұлттық валютаның нығаюы кезінде бағаның айтарлықтай төмендемегені де атап өтілді. Осыған байланысты доллар қымбаттаған жағдайда тауарлар мен қызметтердің бағасы өзгеріссіз қала ма деген сұрақ қойылды.

"Біз долларға байланып отырған жоқпыз, бұл – біздің принциптік ұстанымымыз", – деді министр.
Сонымен қатар ол валюта бағамының құбылмалылығы импорттық тауарлардың құнына әсер ететінін мойындады.
Үкіметтің негізгі мақсаты – инфляцияны белгіленген дәлізде ұстап тұру екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жыл басынан бері 1,5%-ға өскен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе төмен.

Ол жаз мезгілінде инфляцияны нөлдік деңгейде ұстап тұру немесе көкөніс пен жеміс бағасын төмендету міндеті қойылғанын да айтты.

Айта кетейік, 2026 жылғы 11 маусымда Ұлттық банк инфляцияға қатысты болжам жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: