Денсаулық сақтау министрі диспансерде шизофрениямен ауыратын жасөспірімді ұру оқиғасына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 27 ақпанда бұрын тұрғын үй кешенінің жеделсатысында бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жасар жасөспірімді психоневрологиялық диспансердің санитары ұрып-соқты деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жағдайды зерттеу үшін комиссия құрылды.
"Фактілер расталмады, бірақ әкімшілік объективті баға беруге мүдделі. Сондықтан, бүгін сот сараптамасының нәтижелері бойынша біз жағдайды одан әрі нақтылайтын боламыз. Бірақ, алдын ала ақпарат бойынша фактілер расталмаған", – деді Ақмарал Әлназарова.
Еске салсақ, Астанадағы психоневрологиялық диспансердің санитары бұрын тұрғын үй кешенінің жеделсатысында бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жасар жасөспірімді ұрды деп айыпталған болатын. Оқиға туралы Астана қаласының ерекше балалардың ата-аналары Одағының басшысы Гүлсан Мауина хабарлады. Оның айтуынша, жасөспірім анасына оны медициналық мекемеде екі рет ұрғанын айтқан. Алайда, ведомство науқас дене тексеруінен өткенін және факті расталмағанын айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript