БҚО-да қағаз тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

БҚО-да қағаз тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 17:58 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүк көлігіндегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 27 ақпанда Сырым ауданында "Самара-Шымкент" автожолында Жымпиты ауылынан 20 шақырым жерде бумадағы қағаз тиелген жүк көлігі өртенді.

Өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр. 

"Автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!", - деп ескертті ТЖМ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: