Өскеменде әйел сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен: тың мәліметтер белгілі болды

Өскеменде қоқыстан табылған сәбидің өлімі туралы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың мәліметтері тарады. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz тілшісіне сәбидің анасы 44 жастағы әйел екенін, оның бес баласы бар екенін хабарлады.
Әйел босанған кезде пәтерде жалғыз өзі тұрған.
"Әйел жүктілердің есебінде тұрмаған, дегенмен 2024 жылғы сәуір айында ол Өскемендегі медициналық мекемелердің бірінде жоспарлы тексеруден өткен. Қайта бақылау 2025 жылғы сәуірге жоспарланған. Жүктілік кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Психоневрологиялық диспансерде де тіркеуде тұрмаған. Әйелдің бес баласы болған. Өзінің айтуынша, 22 ақпан күні шамамен сағат 20:00-де ол үйде босанып, баланың өліп қалғанын байқап, оны қоқыс жәшігіне апарған", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, ал әйел амбулаторлық бақылауда – оның жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ, сәбидің денесі контейнерден табылмағаны белгілі болды.
"Полицияға қоқыс сұрыптау зауыты қызметкерлерінен жаңа туған сәбидің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде жаңа туған сәбидің денесі табылғанын хабарлаған едік. Әйел босанып, кейін оны лақтырып жіберген. Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, баланың анасын анықтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз