Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялады

Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 20:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кірістер комитетінің мәліметінше, бұл сегіз блогер бюджетке 70 миллион теңгеден астам салық төлепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал бұған дейін тізімге енген блогерлерге қатысты ақпараттың рас-өтірігіне қатысты ішкі істер министрлігінің өз айтары бар. Борышкер блогерлер тізімге қатысты ақпарат тарату дерегі тіркеліп, әрі қарай Астананың полиция департаментіне жіберілген.

"Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, материал Астана полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарағанда осы тізімнің шын екенін анықтау үшін шаралар қабылданады".ҚР Ішкі істер министрлігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: