Уимблдон-2023: Александр Бублик жұптық сында өз еркімен жарыстан шеттеді

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2023 17:46 Сурет: wimbledon.com
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ұлыбританиядағы Ашық чемпионаттың (Уимблдон) жұптық сынында өз еркімен жарыстан шектеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик австралиялық теннисші Люк Сэвиллмен бірге хорват және америкалық жұп Иван Додиг — Остин Крайчекке қарсы ойнауы керек болатын, бірақ қазақстандық және австралиялық дуэт турнирді ары қарай жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Sports.kz.


Айта кетсек, жекелей сында қазақстандық спортшы неміс теннисшісі Максимилиан Мартерерді (әлемнің 170-ші ракеткасы) үш сетте де ұтып, Үлкен Дулыға турнирінің төртінші айналымына жолдама алған болатын. Финалдың 1/8 кезеңінде Александр әлемнің жетінші ракеткасы - ресейлік Андрей Рублевпен ойнайтын болады.

Алдында Александр Бублик Үлкен Дуыға турнирінің төртінші айналымына өткені үшін қанша сыйақы алатыны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: