Александр Бублик әлемнің 9-ракеткасынан тағы ұтылды

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 00:56 Сурет: instagram.com/bublik/
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің 9-ракеткасы, италиялық Янник Синнерден жеңілді. Бублик өз карьерасында бұл теннисшіден осымен үшінші рет ұтылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик Нидерландының Хертогенбос қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Янник Синнерден 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Бұған дейін спортшылар 2021 жылы Дубайда (БАӘ) және Майамиде (АҚШ) өткен турнирлерде ойнаған.

Дубайда қазақстандық теннисші 6:2, 6:7, 4:6, Майамиде 6:7, 4:6 есебімен ұтылды. 

Александр Бублик қазіргі ATP рейтингінде 47-орында тұр. Қазақстандық теннисшілердің арасында бұл рейтингіде одан кейін Тимофей Скатов орналасқан (135-орын).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: