Александр Бублик Уимблдон турнирінде екінші жеңісіне жетті

Александр Бублик Уимблдон турнирінде екінші жеңісіне жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 00:01 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және жарыста 10-нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші екінші кезеңде франциялық Кириан Жакепен (ATP рейтингінде 139-орын) кездесті.

Матч үш сетке ғана созылып, Бубликтің 6:3, 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер көгал төсенішіндегі кортта 1 сағат 50 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Бублик 15 эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Уимблдонның үшінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде ол америкалық Фрэнсис Тиафо мен Ұлыбритания өкілі Ян Чоински арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: