Александр Бублик Антверпендегі турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 01:59 Сурет: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Антверпендегі (Бельгия) турнирдің екінші айналымында франциялық теннисші Грегуар Баррермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz .

Александр Бублик қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 7 минутқа созылды.

Ойын кезінде қазақстандық теннисші 11 эйсті орындап, алты қос қате жасады. Сонымен бірге үш брейк-пойнттың үшеуін де сәтті пайдаланды.

Бублик енді жарыстың жартылай финалына шығу үшін тағы бір франциялық теннисші Джованни Мпетчи Перрикардпен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: