Қызылорда МГҚ басқармасының бұрынғы басшысының орынбасары 6 жылға сотталды

Қызылорда облыстық соты алаяқтық және қызметтік бабын асыра пайдалану арқылы 279 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деп танылған Қызылорда магистральдық газ құбыры басқармасы (МГҚБ) басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылдың 28 ақпанында Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Соталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сотталған азамат екі жыл бойы "OrdaGlass LTD" және "HH&B Holding" ЖШС мердігерлік ұйымдарымен қымбат бағамен келісім-шарттар жасасқан. Ол мердігерлерді жаңылыстырып, қаржының көп бөлігі құрылыс- монтаж жұмыстарына жұмсалғанын, сондай-ақ құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өскенін мәлімдеген.
Бас көлік прокуратураның мемлекеттік айыптаушысы сотта оның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін алаяқтың Астана тұрғындарына жалған концерт билеттерін сатып, сот оған үкім шығарғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript