Қазақстанда 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 13:25 Фото: Zakon.kz
ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Жоғары Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан 2025 жылғы 28 ақпанда ОКҚ брифингінде елімізде судья қызметінен алты адам шеттетілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2024 жылы Сот жюриі 77 тәртіптік істі және тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау бойынша 1 материалды қарағанын атап өтті.

"Сот жюриінің шешімдерімен 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 31 аудандық деңгейдегі судья, 5 аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, 2 облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, 1 облыстық соттың сот алқасының төрағасы және 1 облыстық соттың төрағасы бар. Барлығы 40 тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде ескерту түрінде – 21, сөгіс түрінде – 13, судья қызметінен босату түрінде – 6", – деп нақтылады спикер.

Оның айтуынша, судьялардың тәртіптік жауапкершілігіне сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу негіз болды.

"Сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу (30), судьялық әдеп кодексінің нормаларын бұзу (6), сот төрағасының және сот алқасының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері болып табылды (4). Сот жюриі 33 тәртіптік істі немесе қаралған істердің жалпы санының 45,2%-н тоқтатты",- деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда 1 наурыздан бастап ҰБТ басталатындығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: