Жетісу облысында баланы зорлаған экс-депутат өмір бойына сотталды

Жетісу облысында баланы зорлаған экс-депутат өмір бойына сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 18:10 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында баланы зорлаған экс-депутат өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасады деп айыпталған адамға (ҚК 121-бабының 4-бөлігі) қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Заңға сәйкес, сот жабық режимде жүргізілгендіктен, істің мән-жайлары жария етілмейді. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындылары мен айғақтарымен, қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді. Жәбірленушінің өкілі сотталушыдан моральдық зиян үшін 100 миллион теңге өтемақы өндіріп алу туралы азаматтық талап қойды", - делінген хабарламада.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен Жақыпов 121-баптың 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот моральдық шығынды өтеу ретінде сотталған азаматтан жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына 15 миллион теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: