Ақтөбеде жастарға заңсыз алкоголь сатқан түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды

Ақтөбеде жастарға заңсыз алкоголь сатқан түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 19:20 Сурет: pixabay
2 ақпанда сағат 03:30 шамасында Ақтөбе қаласындағы түнгі клубта рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көңіл көтеру орнында 21 жасқа толмаған азаматқа, яғни 19 жастағы жігітке алкоголь өнімдері сатылған. Сонымен қатар түнгі клубта заңды өкілдерінсіз жүрген бірнеше кәмелетке толмағандар да анықталды, бұл да заң бұзушылық болып есептеледі.

Анықталған фактілер бойынша полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200 және 132-баптарына сәйкес әкімшілік іс қозғады.

Сот бұл істі қарап, түнгі клуб басшысын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Түнгі клубқа айыппұл салынып, оның лицензиясы тоқтатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: