БҚО-да қарғын судың алдын алу мақсатында 910 метрден астам мұз қабаты кесілді

БҚО-да қарғын судың алдын алу мақсатында 910 метрден астам мұз қабаты кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 09:43 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Орал қ. су айдындарында ТЖД жедел-құтқару жасағының және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштерімен көктемгі су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін жерлерде мұз қабатын әлсірету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, мұзда шамамен 3230 тесік бұрғыланды, сонымен қатар 910 метрден астам мұз қабаты кесілді. Осы мақсатта мұз кесетін қондырғы, бензин бұрғылары және басқа да арнайы құралдар қолданылуда.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, облыс бойынша қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудандар мен Орал қаласында 480 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Бұған дейін дүйсенбіде, 3 наурызда еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: