Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жүрген Димаш Құдайберген: Ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін...

Ақтөбеде жүрген Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 17:40 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлемге танымал әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген 10 сәуірде Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.

Димаш Құдайберген, Ақтөбе облысы, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 17:40

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Бауырлар, шын жүректен рақмет айтамын. Алла Тағаланың елімізге жіберіп тұрған осы сынағы - қиын күндерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлігімізді көрсете біліп жатырмыз. Еңбек етіп жүре берейік. Болашағымыз жарқын болсын, ең қиын, ең ауыр күндеріміз осымен кетсін, бұдан кейін тек қана жақсы күндер келсін басымызға", - деді Димаш Құдайберген.


Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Димаш Құдайберген туған жері - Ақтөбеде болып, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: