Алматы полициясы түнгі клубтар, барлар мен дәмханаларды тексерді

Қоғамдық орындарда кальян және басқа да темекі өнімдерін пайдалану деректерін анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу мақсатында өткен демалыс күндері қалада ауқымды іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде 197 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
26 ойын-сауық мекемесінен 200-ден астам кальян тәркіленді.
Сонымен қатар дәмхана, бар және компьютерлік клубтарда ересектердің қарауынсыз жүрген 7 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.
Олардың ата-аналары мен ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ үш барда жүргізілген жергілікті рейд барысында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, заңсыз еңбек қызметімен айналысқан шетелдіктер анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript