Семейде жұмысқа орналаспақ болған ер адам қаржысынан айырылды

Полицейская машина, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 15:47 Фото: Zakon.kz
Семейде ер адам беделді қызметке жұмысқа орналасамын деп сан соқты.

Бұл оқиғаның басты кейіпкері – өзін "Мөлдір" деп таныстырған әйел. Ол қазан айында жас жігітті беделді жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаржы алған.

Алайда бұл қойылымда шын мәнінде бос жұмыс орны жоқ болып шықты, ал ақша алаяқтың қалтасына түсті.

Көп ұзамай қылмыс әшкереленді: полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні анықтады.

Әйел өз кінәсін мойындады, алайда ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағандықтан, қайтаруға мүмкіндігі болмады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: